Белгiсiз қала – Әмірхан Балқыбек

Бұл бетте «Белгiсiз қала» атты Әмірхан Балқыбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1610
Тоғыз жолдың тоғысқанмен торабы,
Қайда екенiн таба алмайтын қонағы
Бұл қалада көктемдi ешкiм бiлмейдi
Мұнда өйткенi он екi ай қыс болады.

Алып тауға байлап қойған шынжырлап,
Бұл қаланы қарғыс атқан мың жылға.
Жер жылжуда, жермен бiрге қала да
Қара жылым жаққа баяу жылжуда.

Нөкерлерiн ертiп шығып моладан,
Бұл қалада түнде сайтан салады ән.
Бiраз адам айырылады ұйқыдан,
Ал көп адам айырылады санадан.

Жын-жыбырдың болғаннан соң мекенi,
Бұл қалада тосын жайлар жетедi.
Даналықтың басын жарып тасада,
Сұлулықты шешiндiрiп кетедi.

Бұтқа пұттай табынғасын қашаннан,
Шал-құтаны жас қыз аулап жасарған.
Бұл қаланың, ең ғажабы, құдайы,
Көкте емес, көк қағаздан жасалған.

Арман мұнда қалталарға батады,
Сонда өледi, ешкiмнiң жоқ шатағы.
Мұнда Муза қайыр сұрап көшеде,
Ал, ақындар мас боп бара жатады.

Бұл қалада тiзе берсең көп қызық,
Көр, арала, босқа уақыт өткiзiп
Алып жүрме. Тек перiште болмағын
Қала жайын жүрер көкке жеткiзiп.

Тоғыз жолдың тоғысқанмен торабы,
Қайда екенiн таба алмайтын қонағы,
Бұл қалада көктемдi ешкiм бiлмейдi,
Мұнда өйткенi он екi ай қыс болады.

Жұлдыз бiткен көкте бетiн шымшылап,
Бұғау буған жатыр қала су сұрап,
Жылтылдаған сәулесiндей үмiттiң
Әр қабатта сөнбейдi тек бiр шырақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгiсiз қала өлеңінің авторы кім?

Әмірхан Балқыбек — осы өлеңнің авторы.

Белгiсiз қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгiсiз қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмірхан Балқыбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгiсiз қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері