Қазақ қызы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қазақ қызы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3570
Қазақ қызы!
Білім алдың жоғары,
Ару едің, ұстаз болдың саналы.
Сүйікті жар, әже болдың ақылды,
Ел ішінде еңбегің де бағалы.

Төтеп бердің тағдырдың сан сынына,
Арқау болдың ақындардың жырына.
Қазақ қызы!
Қасиетіңнен айналдым,
Ана болдың қазақтың қыз, ұлына.

Қазақ қызы!
Ұйтқы болдың ұлтыма,
Тірек болдың дінім менен ғұрпыма.
Шетке кетсең, жақын қылдың алысты,
Қиналсаң да, шығармадың сыртыңа.

Өрісімді кеңейтетін кіл үлгің,
Арнасы едің шалқар дария – білімнің.
Бесік тербеп айтқан жырдың арқасы
Ана тіл деп аталғаны тілімнің.

Сен сөйлесең, жалғанатын үміттер,
Сен жымисаң жоғалатын күдіктер.
Сен жыласаң, жан-жүрегім егіліп,
Сен ән салсаң, таңдай қаққан жігіттер.

Орындалса көптен күткен арманым,
Шат күлкіге толып тұрса жан-жағым.
Қазақ қызы!
Ырыс-құты елімнің,
Сенің арқаң тәуелсіз ел болғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ қызы өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Қазақ қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері