Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр – Ақберен Елгезек

Бұл бетте «Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр» атты Ақберен Елгезек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5196
Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр,
Аспан жақтан жарқырап төгілген гүл.
Жасыл қанат түстегі періштелер,
Жанарынан түн тамып өңімде жүр.
Кәрі саусақ ауаға сызып өлең,
Әр әріптен созады, үзіп әуен.
Кеше ғана бұлыңғыр дүниеден,
Жаратылып жатқандай қызық әлем.
Әлем іште, мен оның ішіндемін,
Сыртымда күш, мен оның күшіндемін.
Сәттер – менің болмысым, сәттер ғана,
Сәттер – менің өмірім, түсінгенім.
Жоғалттым ба есімді, жия алдым ба,
Сүймедім бе өзімді, сүйе алдым ба?
Сұрағанды беріпті маған Тәңір,
Өзгешелеу болғанмен қиялымда.
Кейде сол сәт, ал, кейде кідіретін,
О, Жаратқан, сан қырлы құдыретің!
Жолдарыңды аңғармай қалай тұрмын,
Жүрегімнен Өзіңе жүгіретін!
Алып жатыр қарашы, дала тыныс,
Ей, періште жүзіңді қаратып ұш!
Күлкісі де гүлдердің таныс, таныс,
Түр-түсі де тым таныс жаратылыс…
Мен жаралғам, Шебердің әмірінен,
Мені сүйген ең мінсіз көңілінен.
Тұрмайды екен, дариға, нағыз өмір,
Түңілуден,
бүлінуден,
шегінуден…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр өлеңінің авторы кім?

Ақберен Елгезек — осы өлеңнің авторы.

Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақберен Елгезек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнек басып тұрғанмен, көңілде нұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері