Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1759
Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай,
Жүрегімді жер тартып баратқаны-ай.
Жер бетінен жұбаныш таппай жаным,
Ай, жұлдызға мәңгілік қаратқаны-ай.

Өмірімде адасып жүрмін әлі,
Көкірегім қан жоса сүргін әлі.
Аппақ шашым ағарып қара түнде,
Соны іздеймін, таппаймын, кім кінәлі?!

Жарық берер жарқырап, жанса да адам,
Түн қиялым бітпейтін, таң садағам.
Егде тарттың деп біреу есіркейді,
Көңілімді қалдырды қанша надан.

Алтын түстес беттегі әжімдерім,
Жұбатады көктемім, жазым керім.
Жан жастығым, сені іздеп келем қаңғып,
Жүрегімді оятты сазың менің.

Аппақ шашым ағарған ақ таңдарда,
Тіл қатады махаббат, бақ қонғанда.
Мені мәңгі жетелеп келе жатыр,
Аппақ ізің ағарып жатқан қарда…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Зайда Елғондинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаратқан-ай, апыр-ай, жаратқан-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері