Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1123
Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп,
Аспанның төрін түйіліп, тершіп мінер бұлт.
Тәңірім, маған қасиет берші ғажайып,
Жап-жасыл болып жапыраққа мәңгі сіңерлік.

Дүниеге сыймай, дүниеге сыймай, тасып құбылам,
Ал, кейде бар ғой, құшағына түннің жасып тығылам.
Өміріме сыймай, ғұмырыма сыймай жылаймын,
Жасылдыққа мынау, жасылдыққа мынау ғашықтығымнан.

Ғашықтығым да, асықтығым да басылмай,
Көкірегімде Күн, жебейді үнсіз қасымда Ай.
Қызғалдақ сынды қыз ғұмырым да өтті-ау бір,
Көктемде сонау, көктемде сонау қырқаларда ашылмай.

Төге алмай жанның, төге алмай жанның жарығын,
Жалыным, түнде қап-қара түнді қарыдың.
Айкезбе болып аспанның мынау астында,
Сезіндім мұңның, ғашықтығымның шалығын.

Перілер күліп, періштелер жебеп, жылағам,
Қаңғығам жалғыз, маңайымда жоқ бір адам.
Алланың нұры көкірегімді жарық қып,
Жаратқаннан жапырақ қылуын сұрағам.

Тобылғы тірлік төбемнен төніп сенделем,
Көкірегімде өліп, өксимін іштей, енді өлең.
Жапырақтар-ау, жапырақ болсам мен осы,
Көктемде мәңгі жап-жасыл тілмен сөйлер ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Зайда Елғондинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өледі ғасыр құрсағынан күміс күн өрбіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері