Менің әнім құс үніндей – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Менің әнім құс үніндей» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1556
Менің әнім құс үніндей,
Көңілімнің түсі нілдей.
Жаным жұлдыз, сыр-сымбатым,
Ақ қайыңның мүсініндей.

Шынар тұлғам мың бұралған,
Ал күлкімнің сыңғыры арман.
Көктем келсе көкірегімде,
Бүр жарады мың бір арман.

Жымиясың жанымда сен,
Неге сенің әнің бәсең?!
Мен көктеммін, сенесің бе,
Жан-жүрегім мамыр десем?!

Жалыныма Күн шыдайды,
Сезім бұлақ тыншымайды.
Сакура (ханами*) гүл ашқанда,
Жетелеймін үнсіз Айды.

Сакура (ханами)* – жапондықтар бұл ағашты махаббат ағашы деп ерекше құрметтейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің әнім құс үніндей өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Менің әнім құс үніндей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің әнім құс үніндей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Зайда Елғондинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің әнім құс үніндей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері