Мені ұмытпа, ақша бұлт – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Мені ұмытпа, ақша бұлт» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1197
Мені ұмытпа, ақша бұлт,
Алатауға көшкенде.
Жанарыңнан жас тамып,
Енді желден сескенбе.
Ызғары бар сан күздің,
Жаным ғашық көктемге.
Мен де сендей жалғызбын,
Жымиям жел өпкенде.
Жан біткенге сарай жер,
Қызыл-жасыл құл өмір.
Тереземнен қарай бер,
Қуансыншы жүрегім.
Мендік өмір күйге сын,
Жаным қазір жаңғалақ.
Жапырақтар билесін,
Желпінсінші тал-дарақ.
Шарлап үнсіз қиырды,
Бұра тартты мұң бетін.
Маған көктем бұйырды,
Тереземде суреті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері