Жалқы мұң – Темірғали Көпбаев

Бұл бетте «Жалқы мұң» атты Темірғали Көпбаев жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1809
Жер үстінде ақын жалғыз. Ұғар кім?
Жалғыздықтың мұңын шертіп жұбандым.
Мөлдір әлем сәулесінен үзіліп,
Ғарыш жақтан тамып түскен шығармын.

Қара өлеңнің қақтыратын қанатын,
Ақын жанның жанарында қара түн.
Жалқы мұңды еншілеген әр ақын,
Жұлдыз-тағдыр жалғыз, жалғыз ағатын.

Жалғызбын деп мен адамды жек көрмен,
Көпшіл болсам басқашалау көктер ме ем.
Ақын көңіл дәруіші жалғанның,
Көп ішінде жалғыздықты көп көрген.

Жүрегіммен жеке қалып дауласқан,
Жаным менің жалғыз болған әу бастан.
Қатып қалған көз жасындай жалғыздың,
Өткен түндер қара өлең боп жаумастан.

Өз ойыммен өзгешелеу алыстым,
Жалқы мұңмен оңашада табыстым.
Көкейінде көктің үні тұратын,
Ақын деген баласы ғой ғарыштың.

Шынын ұқсаң шайырлардың шерлі іші,
Бұл қоғамның ақында жоқ енді ісі.
Қабірімде тұрады ертең жалғыз Ай,
Жалқы мұңның жалғыз ғана белгісі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалқы мұң өлеңінің авторы кім?

Темірғали Көпбаев — осы өлеңнің авторы.

Жалқы мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалқы мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалқы мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері