Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2000
Ай туды шалқалап,
Сәулесі өлімнің елесін билетіп.
Тағы да қыс келді Арқаға,
Кебінін сүйретіп.

Ақырғы ақырет түніндей,
Азаптай кеудені тырнаған:
КарЛагта өксіген сәбидің үніндей,
Уілдеп тұр боран.

Қар басқан томпайған қабірлер,
Белгісіз молалар толған кең аңыз-ды -
Жендеттер зорлаған зәбірлеп,
Жесірдің құрсағы тәрізді.

Белгілі, белгісіз... тоңғаны
Қара жер қарс айрыла қақырап.
Үсіген сәбидің қолдары –
Бұтада ілінген жапырақ.

Таниды-ау анасы, таныса,
Жылайды-ау жамырап, қауышып.
Ұлып тұр боранмен жарыса,
Жетімдер дауысы.

Тәніне тастай боп тоң қатқан,
Дөй дала дөңбекшіп түс көрген не түрлі:
Түрмеде түршігіп толғатқан,
«Халық жауының» жесірі секілді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырқыншы жылдар. Арқаның қысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері