Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1336
Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар,
алғаш рет сілтенген ақ сойылдар!
Алғашқы қол, жат қалтаны ақтарған,
алғашқы адам барымтаға аттанған,
сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар!

Алғаш рет бір жалт еткен көк алмас,
сенің салған ізің мәңгі жоғалмас.
Лағнат саған, қылыш алғаш бас кескен,
лағнат саған, аңға тиген, оқ, алғаш!

Жауыздықты үздік талай қауыз ғып,
жауыздықты бұздық талай ауыз ғып.
Жауыздарда бас болмайды, мойын бар –
қырқамын деп қызықпай-ақ қойыңдар!

Алғашқы оқ дарымаса тағы аңға,
қатер-қауіп болмас еді адамға.
Балағыңда кетпес еді тісі иттің,
жаудың қолы кетпес еді жағаңда.

Айып етпе, Алғашқылар, күнде өстіп
мазаңды алса маған біткен білместік.
Сендер тартқан көкпарды әлі тартамыз,
барымтаның біз де атына мінгестік.

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар,
алғаш рет сілтенген ақ сойылдар!
Алғашқы адам, барымтаға аттанған,
алғашқы адам, арыз жазып мақтанған,
сендер де енді ақталмай-ақ қойыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сендер, сендер ақталмай-ақ қойыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері