Ашық күн – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Ашық күн» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3419
Атамның баяғы
Жаралы аяғы
Жауынды күндері
Ауырып қалады.
Көрпесін жамылып,
Жатады сарылып.
Кенет күн ашылса,
Кетеді сауығып.
Кешкісін атамның
Қойнына жатамын.
Сипаймын ақырын
Сүттей ақ сақалын.
Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп,
Атама жүгірем:
– Күн ашық бүгін! – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашық күн өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Ашық күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашық күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашық күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері