Өлең, жыр, ақындар

***

Жанымды көрдім жайып та,
Жалынымды осы сезді кiм?
Сағыну, айтшы, айып па
Сары өлеңдердiң мезгілiн?

Пенделігi үшiн пенденің
Тәңірге кiнә тағам ба?
Бақыттан осы кенде кiм,
Бұлттарды жұбата алам ба?

Тамшыларға әлгі жасанды
Көңілдер неге көмілді?
Жүреді екенмiн қашанғы
Ұната алмай өмірді.

Ғұмырға мен де ғашықпын
Қысқалығындай шашымның.
Өзiңе қарай асықтым,
Махаббат, сенiң атың кiм?

Тыя алмай тұр ғой әнін бақ,
Сөздерін жазған сары үмiт.
Күз келе жатыр адымдап,
Арайлым қызды сағынып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

***

  • 1
  • 0

Сен неге мені ұмыта алмадың?
Ұмытуға әлде кеш пе еді?
Жаныңды білем, жылыта алмадым,
Айыптамашы тек мені.

Толық

Бүгін жаңбыр жауса екен...

  • 1
  • 0

Бүгiн жаңбыр жауса екен деп тiледiм,
Жуып өтсiн жүзiмдi кешкiре күн.
Кеткенiңе сене алмай сенiң, ана,
Жыламаған көзiмдi кешшi менiң.

Толық

Жаңбыр

  • 1
  • 0

Жаңбыр жауып, салғанда шатыр əнін,
Үнсіз билей бастады жапырағым.
Қайыңдардың тиіспей сырғасына,
Айды биге шақырдым қыр басына.

Толық