Ей, аппақ боран, ақ боран – Қази Данабев

Бұл бетте «Ей, аппақ боран, ақ боран» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2188
Ей, аппақ боран, ақ боран,
Бопытып қарды ат маған,
Менде де сендей боран бар,
Кеудемде тыныш жатпаған.
Күнімен ол да борайды,
Түнімен ол да борайды.
Аш бөрілерше қамайды,
Ақ шәлі болып орайды.
Мезгілдің сырын кім білген,
Бір күнім қымбат бір күннен.
Тыңдамай сол бір боранды,
Сапарға шығып жүрмін мен.
Жеткенше даусым шырқасын,
Жетпесе қармен қымтасын.
Қорқыныш емес қашанда
Бұрқасын үшін бұрқасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, аппақ боран, ақ боран өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Ей, аппақ боран, ақ боран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, аппақ боран, ақ боран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, аппақ боран, ақ боран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері