Діріл бар, апа, үніңде

Бұл бетте «Діріл бар, апа, үніңде» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1374
Діріл бар, апа, үніңде,
Омырауды жаспен жуардай.
Әз Ана мұндай күнінде,
Жылай ма екен қуанбай.
Жылдардан сұрапыл жасыған,
Жаныңа сенің батар ма ой.
Шаттықтан нұры тасыған,
Шақыртқан мені Отан ғой.
Солдат бол, дейді көгімде,
Салтанаты үшін халқымның.
Кезегім келді менің де,
Бақытын қорғар әр күннің.
Жырақта жүрсем жырымсың,
Жасыма ана жылдарға.
Күрсінбей көзің ілінсін,
Күзетте ұлың тұрғанда.
Екі жыл!
Борыш біткені
Еліме бағыт алармын.
"Құлыным" деуші ең, күт мені,
Құлдырап келіп қалармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Діріл бар, апа, үніңде өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Діріл бар, апа, үніңде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Діріл бар, апа, үніңде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Діріл бар, апа, үніңде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері