Секемшіл көңіл сыр берер

Бұл бетте «Секемшіл көңіл сыр берер» атты Гүлнар Салықбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1978
Өкінді, гүлім, өкінді –
Бүршігін енді аша алмай.
Кешіккен ұшақ секілді
Ауа райынан аса алмай.

Секемшіл көңіл сыр берер,
Тұрғызар үміт құласаң.
Кешіккен ұшақ бір келер
Күтуге оны шыдасаң...

Сол күннен қайда жүр дерек?..
Жан бар ма оны есіткен?!
Гүлдердің жөні бір бөлек –
Көктемі мәңгі кешіккен.

Қызады нанның күресі,
Сенісер жандар селдіреп.
Көзімнің көркем үлесі
Қарайды маған мөлдіреп.

Бітпеді қызық түс әлі,
Асықпай мен де кетем деп.
Жанымның жалғыз ұшағы
Кешікпей ұшса екен тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Секемшіл көңіл сыр берер өлеңінің авторы кім?

Гүлнар Салықбай — осы өлеңнің авторы.

Секемшіл көңіл сыр берер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Секемшіл көңіл сыр берер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнар Салықбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Секемшіл көңіл сыр берер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері