Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1498
Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр,
Ізгі жауын себелеп көктем кеп тұр.
Қаулап қырға шашадан көк мелдеп тұр,
Қорық болмай әне бір шалғын табан
Өріске өткен көп малға өткел боп тұр.
Тұяқ тимей бұл жерге шығушы еді
Сал бидайық шайқалып көкпеңбек кіл.
Менің әкем мазасыз қорықшы еді,
Орып болмай сол жерді кеткен дегбір.
Қылаң жорға қылпылдап астындағы
Ой мен қырды ойқастап өткенде бір,
Қорықшының дауысына кәнігі мал
Шашау шықпай қырды асып кеткенде бір,
Салт ат мініп шалғынның ортасында
Тұрсаң, шіркін, ауасы неткен жеңіл?!
Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр,
Ізгі жауын себелеп көктем кеп тұр.
Шаңдақ қырға шашадан көк мелдеп тұр,
Қорық болмай әне бір шалғын табан
Өріске өткен көп малға өткел боп тұр.
...Қорық көрген құнандар көп келмейді,
Құлын-тайға қайырусыз өкпем кеп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл ар жағы – көкпеңбек қыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері