Өліара мезгіл – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өліара мезгіл» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2534
Өліара мезгіл...
Он алты жаста едік біз,
Өліара өтсе, өруге жүрген елікпіз.
Сансыз табандар сарсылған дүние, сені біз
Тауыса алмаспыз, «армансыз кезсек» дедік біз.
Жалғыз да жарым жорытпай жайық жапанға,
Тұяғы барлар туған соң тыныш жатар ма?!
Қырық құбылып Құралай ертең өткен соң,
Құлындай ойнап шығамыз біз де сапарға.
Түнеріп аспан, томсарған бұлттар қарсы алып,
Жауар ма екен ебіл де себіл тамшы ағып?!
Жасамыс аспан жаңа бір ұрпақ келгенде,
Жасаурап алып жылайды, әйтеуір, жар салып.
Көк сағымдарға жетердей-ақпын жүгірсем,
Көгіме қарай көтерілсеңші, Күнім, сен.
Көзімді қарып, сезімді жанып, тұр, міне,
Бұл көктем жерге келмегендей-ақ бұрын-соң.
Алқынып асығыс, аптыққан демін баса алмай,
Өрге асып кетсе өзендер таудан асардай.
Марқаюы бар, қартаюы жоқ дүние,
Табиғат заңын тоқтатам қалай қош алмай?!
Өліара мезгіл, өте ғой енді тезірек,
Жолыңды ашты жаңа бір маусым кезі кеп.
Безініп тумай, сезініп туып барлығын,
Бүлкілдеп тұрған бір «пәле» екенсің,
Бүйірімде жатқан бір «пәле» екенсің, о, жүрек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өліара мезгіл өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Өліара мезгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өліара мезгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өліара мезгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері