Дүниеге мейман көңілім

Бұл бетте «Дүниеге мейман көңілім» атты Майлықожа Сұлтанқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің.
Бір қалыппен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлыттай
Көшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе жатқызар,
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен,
Сағынар ауық - күлкіні - ай.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні - ай.


Пікірлер (7)

Акерке

Дүниеде мейман көңілім өлеңі өте өте керемет екен

СИДЕКОВ СЕРІК АМАНКОСҰЛЫ

Майлықожа сөздің дер ем шешені.
Жүрүрегінен сарқылмас жылу еседі.
Шабытым қозған сәтте шыны сол.
Рухын бір оятқым кеп кетеді.

Баука

Рахмет сендерге)

Нуржамал

Барлық олеңдерінің мани бар

Сауле

Оте керемет бар олени

динара

Өте жақсы өлең жолдары екен...

Гулсамал.

Майлыкожа олендеринин омирлик, тарбиелик мани жогары. Осиет кой Мейрамбектин орындауында типти куатты болып шыгады. Кимнин журегинен орын алса гибрат етип омирлик жолында багыт берер устаным етери созсиз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеге мейман көңілім өлеңінің авторы кім?

Майлықожа Сұлтанқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Дүниеге мейман көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеге мейман көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Майлықожа Сұлтанқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеге мейман көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері