Аман ба туған топырақ – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Аман ба туған топырақ» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1367
Аман ба туған топырақ,
Аман ба Ақшығанағым?
Ақ деген сөзден жарқырап,
Жеткендей жақсы хабарың.
Жүйкемді күллі босатып,
Мен сені неге сағынам?..
Сенде өткен дәурен – жас уақыт
Сәулесіне әлі табынам.
Жұмыр жер неге кең деме,
Қасиетті қырлар көп-ақ қой.
Азамат туған жерге де
Аз ғана күндік қонақ қой.
Әйтпесе, біздің бәріміз
Жүрмес пе ек туған төбеде.
Жұмыр жер – кеме, жанымыз,
Жанымыз бірге кемеде.
Шыр етіп түскен уыс құм
Қасиетті болар себебі –
Алғашқы деммен туыстың
Алғаш сол сүйді денені.
Қайғысыз, қамсыз күндердің
Қайығында сонда жүзерсің.
Кіршіксіз, кірсіз гүл көрдің,
Үзбессің, мүмкін үзерсің.
Кімде де бар ғой нала, наз,
Күндер бар жолың болмайтын.
Сондайда бірақ адам аз
Туған жерді іздеп бармайтын.
Сондайда бірақ көп пенде
Тек өзім ғана сүйем деп,
Сен аунап өскен бөктерді
Тұрады жалғыз иемдеп.
Әттең-ай, сонда тіл болып,
Сөйлеп бір кетсе әлгі қыр.
Білер ед бейбақ шын берік,
Туған жер сүйер жалғыз ұл
Жалғыз ол емес екенін.
Сүюдің сан мың бар заңы,
Сүюге оның жетерін,
«Сүйем» деп айту арзаны.
Туған жер, саған қаталап,
Кім қалай сүйсе өз еркі.
Мендегі сендік махаббат –
Жанардың нұры – көз өрті,
Жүректің жыры – сөз өрті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аман ба туған топырақ өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Аман ба туған топырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аман ба туған топырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аман ба туған топырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері