Жылдар қалай зымырайды, ағажан – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жылдар қалай зымырайды, ағажан» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1387
Жылдар қалай зымырайды, ағажан,
Шапшып аққан суларға ұқсап сағадан.
Самайыңа ақ кіреді аңдатпай
Суық қолдай жас күніңді тонаған.
Бірте-бірте көздегі үміт мұнары
Сейіледі, кеудеңе кеп тұнады.
Құйттай жүрек құйын мінез, құрғырым,
Тыпыршиды, қанадан тыс ұрады.
Қанат бұлғап қайтқан құстай төбемнен,
Күн өтеді...Көлеңкесін көрем мен.
Мені анау жыл қытықтайтын қыз даусы
Қарт әншінің әуеніндей көнерген.
Көз алдымда керуен көлбеп дәл мына,
Көнерген де, жаңарған көп орнына..
Қысқа жіптей келмесең де күрмеуге,
Қайран жастық, орның сенің толды ма?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері