Адам бір кейде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Адам бір кейде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 958
Адам бір кейде сарқылған сынды
Сезімнен дағы, ойдан да.
Денеңде тұтас салқын қан сынды
Ақпайтын судай сайларда.
Адам бір кейде суалған сынды
Шуағынан да, нұрдан да.
Денеңді жайлап мұң алған сынды,
Малынып санаң мұнарға.
Адам бір кейде жалыққан сынды
Жақсы үміттен де, қиялдан.
Үміттің көзі қарыққан сынды
Қарай да қарай ұялған.
Адам бір кейде жабыққан сынды
Думанынан да, тойынан.
Ұтылған сынды, әрі ұтқан сынды
Баянсыз шақтан байыған.
Ал кейде кенет Аплатон сынды,
Аяғы Жерде тұрғанда
Сезімі сәуле,
Ақылы таң сынды
Сәулелерімен салады түрен,
Болмыстық тылсым – Тыңдарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам бір кейде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Адам бір кейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам бір кейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам бір кейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері