Адалдық пен арбау – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Адалдық пен арбау» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2647
– Махаббат суый ма екен?
– Суыйды екен,
Зардабы да зарығып сүюге тең.
Қайғысы да жүйкеңді жеген құрттай,
Тұла бойың оған да ииді екен.
Суынғаны шын себеп болғаны ғой,
Берген серттен біреуі танғаны ғой.
Әлдебіреу біреуін алдады ғой,
Соған сорлы-ай алданып қалғаны ғой.
Әлде бірі әуелден әсіре ме,
Әсіренің өрледі тасы неге?
Әлде бірі білмейтін бейшара ма,
Махаббаттың бағасы, бәсі неде?!
Біреуінен, әйтеуір, себеп біреу,
Не жетпеді деу қиын, не жетті деу.
Әлде оны сүйді де, тартып алды
Бұдан гөрі көзсіздеу, өжет біреу.
Бір-ақ себеп және де біреуінен,
Бір жүректің шықты ақау жүрегінен.
Оны енді жаңарту мүмкін емес
Ешбір мораль, ақылдың түренімен.
«Біреуінде қалды ғой бар зардабы,
Біреуі ғой шынымен алданғаны»
Дейміз ғой біз, ал сонда айтыңдаршы,
Қорлағаны қайсысы, қорланғаны?
Махаббатта болмайды қорлау, зорлау,
Қақпан құру болмайды, тормен қармау.
Алданғаны – шын сүйген бақыттысы,
Махаббатта сүйгендер сормаңдайлау.
Махаббаттың бұл емес суынғаны,
(Заңдылық қой, заңдылық мұның бәрі).
Бірі мүмкін әйелдің сүюі де,
Бірі мүмкін еркектің қырындауы.
Махаббаттың сол деп біл суынғаны,
Бірі сотта «сүйем» деп шырылдауы,
Бірі – сонда аяққа жығылғаны,
Заңдылық қой заңдылық мұның бәрі:
Бірі мұның – әйелдің ащы айласы,
Алданбасқа еркек те буынғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адалдық пен арбау өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Адалдық пен арбау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адалдық пен арбау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адалдық пен арбау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері