Махаббат тезі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Махаббат тезі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1609
Әуелде сені ойлаған жоқпын сүйем деп,
Игеріп мені әкетеді-ау деп иемдеп.
Жүйкемді бұлай алар-ау, – демей жүгендеп,
Жігіттік шаққа болар-ау, – дегем бір ермек.
Ойымның тегіс ойранын сәтте шығардың,
Құрдымына әкеп сүңгіттің мені құмардың.
Азабыңды да, ғазалыңды да құп алдым,
Мұхитын кештім Махаббат деген мұнардың.
Есімнен танған еске алсам кейбір шағымды
Уысыма ұстап тұрғандай құйттай лағылды,
Және де содан айрылып қалар адамдай
Және де соған салатын едім жанымды.
Жанымды салып,
Жанымда болған кезіңде
Теңемес едім жұмақтың оған өзін де.
Еш адам сенбес тәттілік бар ед тәніңде,
Еш адам көрмес пәк қылық бар ед көзіңде.
Еш адам сезбес еркіндігіңе кез келдім,
Еш адам төзбес тентектігіме тез болдың.
«Сүйемін» дедің, сен дағы маған сөз бердің,
Сүйетінімді мен сонда ғана сезгенмін.
Тең тартып едік тасындай Тағдыр безбеннің
Тауқыметтерге тәтті еді-ау бірге төзген күн.
Салмағың, жаным, жеңілдеп неге өзгердің?!.
Махаббат – күрес,
Әрекеті емес ездердің.
Жеңілдегенің – жеңілгенің бе, жарығым,
Уәдеңнен тайып, шегінгенің бе, жарығым,
Тегеурініне төзе алмай темір тездердің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат тезі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Махаббат тезі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат тезі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат тезі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері