Досым Жанысбекке ескерткіш
- 0
- 1
Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей,
Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.
Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып,
Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.
Бұл бетте «Тарыққанда табынарым - өлеңім» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей,
Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей.
Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып,
Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей.
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Бір баяулап келемін, бір қарқындап,
Қолым жетер жерлерде тұрды алтын бақ.
Асулардан екпіндеп асты арманым,
Менің жігіт күнім боп бір жарқылдап.
Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме,
Қабағынан шуақ шашты келді де,
Алты ай қыста үйден шықпай отырған
Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Есімбек Алия
Өте керемет өлең екен маған ұнады
Әлия
Күшті екен