Су жорға уақыт – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Су жорға уақыт» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1504
Уақыт желіп жортып, желіп жортып,
Жылдардың біраз-біраз белін көрдік.
Өмір кейде айдардан желін «желпіп»,
Талай-талай көрсетер «тегін» қорлық.
Жә, тәйірі, оқасы жоқ, оның бәрі –
Нар көтерер жүктер ғой жолындағы.
Ештеңе емес жігіттің сүрінгені,
Ештеңе емес адасып, жаңылғаны.
Арамтер деп ойлама оның бәрін,
Оның бәрі – соқпағың, соңыңдағың.
Сол соқпақты қайтадан қайталасаң,
Әне, сонда болғаны сорың қалың.
Қайталамау керек-ақ, қайталамау,
Байқа, әке,
Байқа, ата,
Байқа бала-ау!
Үзеңгілескен ұрпақтың ырқын алып,
Су жорға уақыт шайқайды-ау.
Шайқалады-ау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су жорға уақыт өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Су жорға уақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су жорға уақыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су жорға уақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері