Көктем
- 0
- 0
Күн жылына бастады, көктем келді,
Ұнатамын бетімен өпкен желді.
Шартылдайды найзағай көк аспанда,
Салып жатыр қып – қызыл отпен белгі.
Бұл бетте «Қырланады, сұрланады» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Наурыз келді ауылға нарға мініп,
Қаңқылдап жүр аспанда қарға күліп.
Жадырайды дүние жарқылдайды,
Жақын келіп қалғандай алдағы үміт.
Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.
Жайлау ғой мынау жарасқан
Арал – төбе бауыры.
Төбеден неге әрі асқан
Сәулешімнің ауылы
Атам ұстап асау тайды, тізгіндеп,
Әкеп берді, мінсін бала біздің деп.
Қарғып міндім, қыр көрсетіп достарға,
Күнде мені жүретұғын жүз күндеп.
бексұлтан
тым қысқа болыпты бірақ күшті
Толқын
Өте жақсы екен
Жандос
«Қырланады, сұрланады» — Тұманбай Молдағалиевтің әсерлі өлеңі, ол өмірдің ағымдылығы мен адамның ішкі сезімдерін терең береді. Ақын бұл шығармада адамның жасы ұлғайған сайын көңілінің ойы мен өзгерістерін, күлкі мен көз жас арасындағы нәзік эмоционалды тепе‑теңдікті шынайы әрі көркем тілмен суреттеген.
Өлеңде уақыттың ағуы, адам өміріндегі өткінші кезеңдер мен көңіл күйдің өзгерісі айқын көрінеді: бір кезде көңіл босаңсып, гүлге құмар болса, кейінірек ойлар тереңдеп, күлкі мен наз бен көз жас бен астасып кетеді. Бұл — өмірдің философиялық көрінісі сияқты.
Мен бұл поэзияны оқығанда өмірдің әр кезеңі — өзінің сезімі, ойы және тереңдігі бар екенін терең түсінемін. Ақынның тілі — нәзік әрі әсерлі, ол оқырманға ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік береді.