Өмір жылдам атқан оқтай зымырар – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өмір жылдам атқан оқтай зымырар» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1319
Өмір жылдам атқан оқтай зымырар,
Көңіл – құбылаң. Құбыласына жығылар.
Біз – пендеміз өз билігін өзі әлі
Ұстай алмай от пен суға ұрынар.
Пайғамбар жоқ, дін-шарғысы тозды оның,
Баса алмады ол ақыл-ойдың безбенін.
Бірақ әлі адамдардың көп көрем
Өз көңіліне өзі иілген кездерін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері