Сұрарсыңдар – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сұрарсыңдар» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 946
– Өмірбаян жазып бер, – деді маған,
(Өміріңді сұрай ма тегін адам?..)
Өміріме аз емес өкпе-назым
Соны еске алу – өш ету мені маған.
Мені маған айдап сап, өш еткенмен,
Өртенбеймін...Шоғымды көсеп көргем.
Өзімді өзім саламын отқа күнде
Өкінішін өткеннің есептеумен.
Серігім ғой өкпе-наз, нала-мұңым,
Өмір бақи қалғытпас қарауылым.
Қарауылым – қорғаным, әділ қазым
Жүрегімнің қақ бөлсін қара қылын.
Мені маған сонда ешкім өш ете алмас,
Өмірімді зая да, еш ете алмас.
– Өмірбаян жазып бер, – деді маған,
Өмірімді жаздырар, жасата алмас.
Жазып берем...
Жазамын өмірбаян,
Жазған өмірбаяным бәріңе аян.
Аян емес жерлерін сұрарсыңдар
Тағдыр деген тақуа қариядан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрарсыңдар өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Сұрарсыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұрарсыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұрарсыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері