Өлең, жыр, ақындар

Қарыз

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 815
(Есентайға)
Есіңде бар ма, Есентай,
Екеуміз екі тай мініп,
Қой бағып едік бес-алты ай,
Мінгендей болып сәйгүлік.
Есіңде бар ма «Ешкіқырған»,
Есіңде бар ма «Ұрыөткел»?
Өткелде құйттай қос тұрған,
Қосылған құйттай жүректер.
Сол құйттай қоста – күркеде
Екеуміз бірге жатушы ек.
Әңгіме-дүкен бір төбе,
Арманға бөлек батушы ек.
Жұлдызға түнде қарадық,
Аспанның сәуле от төрі.
Жігітке өзін баладық
Жұлдызы биік көктегі.
«Адамда бір-бір бар арман,
Адамда бір-бір бар жұлдыз.
Дүниеге бірдей жаралған
Бәріміз – бір-бір жалғызбыз».
Деп іштей ойлап, дем алмай,
Тұңғиық көкке тесіліп.
Жататын едік таба алмай,
Жұлдызымыз да қосылып.
Көкте емес жұлдыз, біз деген
Жерде ғой деп те ойлаушы ек.
Аспаннан жұлдыз іздеген
Пенде ғой деп те ойлаушы ек.
Аспаннан жұлдыз аққанда,
Аққандай алмас болатын.
Шашырап отқа, шоқтарға,
Сәулесі жерге таматын.
...Жыпырлап жұлдыз жиі аққан
Тамыздың сондай бір түні,
«Ұрыөткел» жақтан – суаттан
Естідік таныс күлкіні.
Естідік таныс күлкіні,
Есте ғой сол бір шолжаң қыз.
Енді ойлап тұрсақ, күлкілі,
Орнын сипап қалғанбыз.
Он жеті жасқа толмай-ақ,
Махаббат іздеп, от құшып.
Жердегі жұлдыз болмай-ақ,
Кетті ол жерден көкке ұшып.
«Екеуміз іштей жасырын
Іздеген жұлдыз сол еді-ау.
Бағасын бізден асырып
Кеткенмен, бір күн сөнеді-ау».
Деген бір ойлы пішінде
Бекінген екі бозбала.
Күрсіндік күрке ішінде
Азғантай ғана, аз ғана...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Титімдей көңіл

  • 0
  • 0

Қайғысыз адам қайда бар,
Қайырымсыз хайуан сол шығар.
Қайғысыз емес айналаң,
Араласпай ма ол мұндар?

Толық

Балама

  • 0
  • 0

Шайқалмаған сары уыз балапан бала,
Көргенің сенің әлди мен алақан ғана.
Қиялыңменен аймалап Айнакөлдерді
Көзіңнің нұрын сүйкейсің Алатауға да!

Толық

Қап, қалай?

  • 0
  • 0

Жастықтың беймаза күндері
Бастықты. Дауылы сиреді.
Басталды басқа өмір. Күйбеңі
Секілді құмырсқа илеуі.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер