Өнер серісі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өнер серісі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1443
...Баян бауырында кино түсіріп
Жатты бір жылы Шәкен Айманов.
Жүрді ол жүректен қиял ұшырып,
Кейде таңғалып, кейде ойланып.
Кейде қарайды ол тауға тәкаппар,
Кейде үңіліп ылди-қыратқа.
Кейде түңіліп ойы жік-жапар,
Кейде мінеді шабыт – пыраққа.
Кейде күмілжіп, кейде күбірлеп,
Кейде кейиді, кейде күледі.
Жүйке жұқарып, жүрек дірілдеп,
Шәкен Айманов шаршап жүр еді.
Бейнелі өнердің бейнет легі
Түбін қақтырмай, түйін таптырмай,
Шәкен Айманов жүрді шаршаулы.
Дүйім дебютті жаны жақтырмай,
Жалғыз қимылды іздеп жан салды
Жалғыз әрекет, жанды қимылдан.
Шындық сәулесін іздеп суреткер,
Мәңгі азаппен, мәңгі қиыннан
Маржан суырып, тізер, тірнектер.
Сондай сәттерде Шәкен Айманов
Қарап қалатын найза шыңдарға.
«Намыс – найзағай отпен қайралып,
Тас та қол созып күнге тұрғанда...»
Деп ол ішінен демде сілкінген,
«Өнер халықтың намыс оты ғой!»
Шырқау шыңына шығып іркілген,
Шіркін, Шәкендер шың ғой, шоқы ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнер серісі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Өнер серісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнер серісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнер серісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері