Тепе-теңдік – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Тепе-теңдік» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1321
Денеме тарап деміммен жұтқан ауасы,
Туған жер, сенен жаралдым білем, шамасы.
Мен ғана емес, туған жер, сенің перзентің
Адамзат барда адамның бүкіл баласы.
Бұл жұмыр жерде туған жер емес, жоқ нүкте,
Белдіктерде де, байлықтарда да, ендікте.
Сағыну керек, табыну керек сондықтан
Туған жер деген табиғи тепе-теңдікке.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері