Өмір, сенің айқұш-ұйқыш өлшемің – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Өмір, сенің айқұш-ұйқыш өлшемің» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1343
Өмір, сенің айқұш-ұйқыш өлшемің,
Өлшеміңе риза емеспін мен сенің.
Өмір, сенің шимай-шимай есебің,
Есебіңнен қайтты талай меселім.
Өмір, сенің айғыз-айғыз көйлегің,
Өйткені онда кейде рахат, кейде мұң.
Өмір, сенің ойқы-шойқы мінезің,
Мінезіңе түсінесің бір өзің.
Мен сан рет кергілестім Сенімен,
Сен сабадың...Пергілестім Сенімен.
Сен сабадың,
Сен жеңесің соңынан,
Әйелімдей өлдім-өштім Сені мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері