Түйсігім менен түсінігімнің арасы – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Түйсігім менен түсінігімнің арасы» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 1
  • 1263
Түйсігім менен түсінігімнің арасы,
(Мәңгілік жұмбақ әлемім сол-ау, шамасы).
Түйсігім менің тұспалымменен бал ашып,
Түсінбес соны түсінігіме, қарашы,
Түсінігім-ай, түсінігім-ай тәуелді,
Әдемі еді ғой алған бағытың әуелгі.
Сау басыңа сақина тілеп аласың,
Сарсаңға салып айналаңдағы сау елді.
Түйсігім айтқан құп-құйттай ғана түйінді
Тыңдамайсың-ау ақыл ғып басқа құюды.
Жақсы көресің ақылман болып көзге ұрып,
Жақсырақ жүріп, жақсырақ күліп, сүюді.
Өзіңдей мынау құп-құйттай ғана түйсігім,
Ол да біледі барлығын дүние исінің.
Ол да біледі дүниенің түзу жолдарын,
Қиюлары мен қиырлары мен қисығын.
Кеңістік әлем – дүниені көзсіз қармалап,
Жетелеп сені, келеді сені қорғалап.
Он рет сенің маңдайың тасқа тигенмен,
Сан рет сені сақтап та қалған сол ғана.
Сен бірақ оған көтересің кеп кеудеңді,
Сен көкірексің, ол неге сонда көргенді?
...Бір шыбықпен айдай-ақ алмай өтем бе
Өзекті жарып өзімнен туған сендерді?!


Пікірлер (1)

Дана

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйсігім менен түсінігімнің арасы өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Түйсігім менен түсінігімнің арасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түйсігім менен түсінігімнің арасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйсігім менен түсінігімнің арасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері