Қара алмас көзді қасың да керік – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Қара алмас көзді қасың да керік» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2699
Қара алмас көзді қасың да керік,
Қадалмас саған жан қайда?!
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп
Қалып ең қалай паң Ләйлә?!
Жүрегім бұлай бүлінбес еді,
Кетпес еді ес-түсім.
Хиссадан шыққан күніңде сені
Көрдім мен биде кешкісін.
Жарқылдап жүзің, жайнады өңің,
Қарасам – қайта жоқ бопсың.
Өлеңнен келген Ләйләні менің
Өлеңім қалай тоқтатсын?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері