Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ – Жұматай Жақыпбаев

Бұл бетте «Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3108
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойныңа жұқа ал қызыл шарф байлап ап,
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап.
Қарадың солай, қарадың солай, обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?
Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан көп...
Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп,
Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа,
Батырлығым басыма пәле болар деп.
Ойладым солай, ойладым солай, обал не,
Қате ойладым ба, жоқ әлде?
Қуаныштан күліп, ойым бар шалқып билемек,
Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп.
Қап-қара шашты бала ақын болып тұр екем,
Қабырғадағы айнаны көрсем үйге кеп.
Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не,
Болмайын ба, жоқ әлде?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері