Қақпан – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қақпан» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1744
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да...
Абай

Досым ғой деп жан сырымды ақтарғам,
Сосын... өсек өрттеріне қақталғам.
Бір әңгіме айтқым келіп оқталғам,
Сол бір адал, сол бір аңқау шақтардан.
Жылдар жылжып, айлар ізсіз аунаған,
Жаңбыры едім сахараның жаумаған.
Қорықпаймын ғайбаттардан бораған,
Қорықпаймын өсектерден лаулаған.
Басымыздан өтер, кетер ақпандар,
Қорықпаймын құра берсін қақпандар.
Ей, жас ұрпақ, достарыңды сатпаңдар,
Адал жанға бекер жала жаппаңдар,
Адамдықты, адалдықты сақтаңдар.
Жанды ауыртты жылдар ізсіз өтетін,
Көндіктік-ау жалаға жететін.
Бөрінің мен ұрпағы едім азулы,
Өз аяғын шайнап тастап кететін.
Осылайша барымыздан тоналып,
Соңымызға түскеннен соң шам алып.
Бөрі болып балкондарда ұлыдық,
Қалаларда тас үйлерге қамалып.
Адамдықты аяладым сақтадым,
Атпай қойды-ау, атпай қойды ақ таңым,
Даланың мен бөрісімін ызалы,
Құрса маған құра берсін қақпанын.
Қорықпайтын қаңтарыңнан, ақпаннан,
Сәттерім аз мергендерден сақтанған.
Мен даланың бөрісімін, дұшпаным,
Құрып қойған... қашып шыққан қақпаннан,
...Жүрегімнің түкпірінде жатты арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қақпан өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қақпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қақпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қақпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері