Ана арудың бойында балам кетіп барады – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ана арудың бойында балам кетіп барады» атты Қасымхан Бегманов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1338
Ана арудың бойында балам кетіп барады,
Жанарында әкемнің заман кетіп барады.
Алысуға дұшпанмен күннен күнге, бауырым,
Шамам кетіп барады.
Толқын, толқын, толқын боп қазақ өтіп барады,
Қазағымды қорлаған мазақ өтіп барады.
Жұмақ емес даламды тозақ етіп барады.
Өлгеніңде көзіңе құмы тұрып қалады.
Дәстүрім мен салттарым ұмытылып барады,
Күннен күнге қайтейін, төзім бітіп барады,
Жетесізге айтуға сөзім бітіп барады.
Сұлулыққа лап етер сезім бітіп барады,
Ойнап күлер бал дәурен кезім бітіп барады.
Жүрегінде шалдардың ғалам кетіп барады,
Мойнымда, ескі дос, жалаң кетіп барады.
Осылай да осылай дәурен өтіп барады,
Қадекеңдей асылым – әулием өтіп барады.
Ойлап тұрсаң жаныңнан бәрі кетіп қалады.
Сондықтан да көңілім қаралы ғой қаралы.
Ұғар менің мұңымды елді ойлаған саналы,
Қайран менің жүрегім жаралы ғой, жаралы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана арудың бойында балам кетіп барады өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ана арудың бойында балам кетіп барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана арудың бойында балам кетіп барады өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана арудың бойында балам кетіп барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері