Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1255
Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала,
Арулары қарайтұғын ұрлана.
Осы жақта танысқан ем, алыста,
Түсіме ылғи кіретұғын бір бала.
Мұнда келсең армандарың асқақтар,
Жел тербейді жапырағын тастап тал.
Әлішер дос ерте қайтып үйіне,
Жанымда отыр Мейрамәлі, Әбсаттар.
Мүлт кеткенді шегі қатып мазақтар,
Бұл қалада көп тұрады қазақтар.
Ана жақта Отырар мен Сауран бар,
Мына жолмен Шаян ассаң Созақ бар.
Бұл шаһарда баяғыда тұрғам мен.
Алыс жақта сауық сайран құрғанмен,
Ештеңе де өзмермеген секілді,
Су сылдырап ағып жатыр жылғаңмен.
Мені әйтеуір, тек жатырқай көрмеңдер,
Сағыныштың сазыменен тербеңдер.
Жұпарыңмен, самалыңмен емдеңдер,
Қос құлыным дүниеге келген жер.
Жаза алмайды бұл шаһар да дертімді,
Баяғыда берген сол бір сертімді,
Ұмытқам жоқ ештеңені, тек қана,
Жүректегі баса алмадым өртімді.
Дамыл бермей... алға қойған мұратым,
Уақытым жоқ, ойын-сауық құратын.
Бұл қаланы жан-тәніммен сүйем мен,
Әлішер мен Мейрамәлі тұратын.
Ертең кетем... Алла тағы қолдаса,
Қуаныш деп айта алмаймын ол да аса.
Ешбір мінін таба алмайсың, тек қана,
Шешеңді ептеп боқтайтыны болмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері