Қасиетті құпиям бар санамда – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қасиетті құпиям бар санамда» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1641
Қасиетті құпиям бар санамда,
Ол қасиет бартын менің анамда.
Жұматайды жабырқатқан қара жол,
Бүгін міне, қолын созды маған да.
Не айтамын алыпсатар заманға,
Заманына лайық туған наданға.
Кеңшілікті елемеген сол иттер,
Тұра-тұра ұмтылады маған да.
Тап-тап беріп, ырылдап кеп таламақ,
Жүрегімде қалған содан қара дақ.
Тең жартысы өтіп кеткен өмірді,
Қара түнде ойға батам саралап.
Өтіп кеткен сол бір нұрлы шақтайсың,
Ей, зарлы өмір, сен де бір күн тоқтайсың.
Бақыт іздеп әуре болма бауырым,
Халқың іздеп таппағанды, таппайсың.
Әрбір таңым ойсыз, мұңсыз атпаған,
Жанымда жүр сұр жебесін сақтаған.
Бақытты іздеп не қыламын әуре боп,
Қанша ғасыр іздеп қазақ таппаған.
Бақытсызбын, ере көрме, қал еркем,
Үмітім бар жетер деген ел ертең.
Халқым кешке бақытты боп көз ілсе,
Бақытты боп оянамын таңертең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасиетті құпиям бар санамда өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Қасиетті құпиям бар санамда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасиетті құпиям бар санамда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасиетті құпиям бар санамда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері