Сандық – Арман Әділбек

Бұл бетте «Сандық» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1151
Олимп төбесі ме?
Нілдің түбі ме?
Өтүкен бауыры ма…
Әйтеу, бір алыс жақтардан
Жүректі суырып алардай сүркейлі шуыл жаңғырды:
- Сандық!

Фандораның сандығы десті біреулер оны түнеріп,
Бұлыттар шырқырай ақты қашыққа,
Келесі бір әлемді іздеп.
Тастар селіт етіп оянды
Қандай бір қиямет тумағын сездіріп.

Шойынқұлақтың сандығы десті және біреулер,
-Махаббат пен ерліктің
Әлмисақпен тете туған дұспанын
Тірі қалтыру мүмкінбе?!
Осы сәтте,
Құлақ тұнды
Қайқы қара еліктің қорқырап жығылғанындай,
Немесе,
Іңірдің есін шығарардай солқылдаған дүрсілден.
Шалқұйрықтың тұяқ дүбірі ме?
Алыптың түмен жылдық шыңырау қақпасын күркірей соққаны ма?
Беймәлім.

Мұсаның сандығы десті тағы бір білгіштер,
Құпиялық біткеннің кіліті соның ішінде,
– Аш-дағы,
Жер бетін жұмаққа айландыр.
Қол-аяғы қиылған жетімек ұлдың жылағаны ма?
Иесін жоқтаған қобыздың аңырағаны ма?
Белгісіз бір дауыс
Тау мен даланы өткендей болды күйдіріп.

Әлімді жиып ақыры мен де
Басымды көтеріп қарадым оларға,
Әркімнің қолында бір сандық,
Ешкім ешкімге қарап жатпай-ақ,
Ешкім-ешкімді естіп жатпай-ақ,
Өз қолдарындағы сандықтан
Көз алмай
Айғайлай береді,
Күбірлей береді тынбай…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сандық өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Сандық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сандық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сандық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері