Әйнектің әңгімесі – Арман Әділбек

Бұл бетте «Әйнектің әңгімесі» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1566
Іш жақта
Мүлгіп отырған адам,
Сырт жақта
Жапырақтары сарғая бастаған ағаш.

Бөлме іші
Кітапқа толы,
Үстелде шарап құтысы мөлдіреп тұр,
Күлсалғыш,
Шалмадай шұбатылған көгілдір торғын түтін…
Сырт жақта
Жапырағы қураған ағаш.

Іш жақта
Меңірейген тастай суық қабырғалар,
Тат басқан кліт.
Сырт жақта
Қарғалар қауырсынын сылай ұшқан суық жел
Үзіліп жатқан жапырақтар дыбысын ертіп
Аулаққа зулайды.

Іш жақта
Өлген шыбын,
Қара қабықты қоңыздың қаудырлаған мәйттері,
Сырт жақта
Арсиған ақсоңке бұтақтарының ұшы
Аспанға тесірейген ағаш.

Терезедегі сынық әйнек хикая бастады…
Оның айтуынша:
Тырналардың әуелеп ұшқанын
Әйнектен көруге болмайды- мыс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйнектің әңгімесі өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Әйнектің әңгімесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйнектің әңгімесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйнектің әңгімесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері