Жайшылық – Арман Әділбек

Бұл бетте «Жайшылық» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 726
Светофорға телміріп тұрған адамдар жүзінен
Сезім ізін айнытпай табасыз
Жасыл шырақты ондаған жылдар бойы күттім деген.
Іле-шала жарық етеді жасыл шырақ,
Ал, сіз сезесіз сол арада-ақ
Олардың бұдан өзгені күткенін.

Очретте тұрған адамдардың салыңқы иінінен
Олардың осы очретте әлденеше он жыл тұрғанын ұққандай боласыз,
Ілеـшала жатады алдыға қозғалып,
Ал, сіз сезесіз сол арада-ақ
Олардың сарылып күткені бұл емес екенін.

Автобуста сығылысып тұрған адамдардың
Терезе әйнегіне түскен солғын козқарасына қарап
Олардың өз остановкаларына ондаған жылдар бойы әлі жете алмағанын тұйсінесіз,
Автобус пен жолға күмәнданып ұлгірмей-ақ
Шарық етіп ашылып жатады есіктер,
Ал, сіз сол арада
Олардың останвка жайлы ештеңе ойламағанын мойындап ұлгересіз.

Ия, солай, пешенеңдегі жазуды өшіргің келіп,
Пешенеңе әлдене жазуды қиялдайсың,
Бәрібір, біздің күткеніміз ол да емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайшылық өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Жайшылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайшылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайшылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері