Тоғыз қайық – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Тоғыз қайық» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 1
  • 3815
Кәрі Каспий, кәрі айдын,
Көзімді алмай көкжиекке қараймын.
Тоғыз қайық қай жаққа алып кетті екен?
Викингтерін Адайдың.
Күте-күте соңын сол бір сапардың,
Мұнда ылғи да мұңаяды батар күн.
Ең болмаса ей, қара бет, қанды су!
Сүйегін бер, атамның!
Қай тұста олар бауырын жерге төседі,
Дүлей дүние-ай, не шеті жоқ, не шегі
Түнде жүрген кемелерге әлі күн
Тоғыз қайық көрінеді деседі.
Күнектейді өңшең батыр қол бұлғап,
Тайызға емес, ту тереңге тор құрмақ.
Тоғыз шамға ұқсайды екен кейде олар,
Адасқанға нұсқайды екен жолды ымдап.
Демім бітіп, батып ұйма тереңге,
Енді өлдім-ау дегенде.
Аласұра атып тұрам айқай сап,
Көз ұшынан тоғыз қайық көрем де.
Кәрі Каспий, түн қандай,
Теңіз жаққа асығамын қу маңдай
Толқын қуған тоғыз қайық болдырып,
Жағаға кеп мені күтіп тұрғандай.


Пікірлер (1)

Кошанова Мейрамгүл

Құрбандық болғандар ғой

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоғыз қайық өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Тоғыз қайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоғыз қайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоғыз қайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері