1974 жыл, Алматы – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «1974 жыл, Алматы» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3720
1974 жыл, Алматы
Абай даңғылымен,
Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен
Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз
Таза едiк қой күнәдан, күдiктен бiз
Тұманбайды сүйемiз екеумiз де,
Екеумiз де үкiлi үмiттермiз.
Әсем әнi, қылығы неге тұрады?!
Ару едi ол, жолында өлетiн-ақ.
Көп ұзамай тұрмысқа шығып кеттi,
Тұманбайды аяппын мен ақымақ.
Аяғам жоқ өзiмдi, жырды аядым
О, не деген қатал ед, гүл баяным.
Бiр бәйбiше жүр бүгiн Алматыда,
Сыры кетпес сынса да сырлы аяғым.
Бар мiнiмен, бар сәуле, бар мұңымен
Жастық бiзден алыста қалды бiлем.
Гүл шоғы, тал бүрiмен,
Таза ауа, таң нұрымен.
Сәуiрдiң жаңбырымен
Жуынып баяғыдай
Сендер қыдырыңдар ендi Абай даңғылымен
Мен демаламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

1974 жыл, Алматы өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

1974 жыл, Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

1974 жыл, Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

1974 жыл, Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері