Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2829
Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба,
Қайтпай қалған жалғыз үйрек тоғанда.
Той боп жатыр. Жаңа кафе уда-шу,
Біздің тойлар өткен ескі орамда.
Дәурен еді-ау ол да бір,
Шыққым келіп аласұрам жолға кіл.
”Кеттік!” десем тартынады Аманхан,
Қорқатұғын не бар дейді-ей, сонда бұл.
Біздің қыздар қайда , қайсы жақта жүр,
Қайда ән-жыр, қайда күлкі , шақпа әзіл.
Шулап шыға келмес пе екен шайтандар,
Алдымдағы айналмадан тап қазір.
Қалды бізден өлең деген, хат деген,
Өтсем деймін баяғы ескі жақпенен.
Екі миллион адамы бар қаладан,
Екі кісі табылмайды, әттеген.
Ештеңе де бүлінген жоқ ересен,
Елегізіп неге үркесің, неге сен,
Алатаудан сол жұмсақ жел есіп тұр.
Былтырғыдан сәл суықтау демесең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң салқындау, ерте шықсам тоңам ба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері