Жазған жырым – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жазған жырым» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жазған жырым, - жалғыз далам,
өзге емес,
Қырымда да, Хиуада да көзге елес.
Елімді мен еркіндіктей сағынып,
Өз-өзіммен құрдым ылғи сөз - кеңес.

Елім менің - сенсіз менде хәл қандай,
Елегзимін - есіл көңілім жалғанбай,
Алыста бір ана айқайы естіліп,
Алыста бір балам жылап қалғандай.

Жібімейді тас кеудемде жыр қатып,
Алтын аңғар, сені көрмей бір балқып,
Қош, көңілге хоштық берген, қош
Қырым,
Қайттық елге, қамшыңды ұста,
жүр, Бақыт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазған жырым өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жазған жырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазған жырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазған жырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері