Қара балаға – Жұбан Молдағалиев

Бұл бетте «Қара балаға» атты Жұбан Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3677
Қара бала, қақың бар,
Қандай кінә тақсаң да,
Самғай алмай ақындар,
Жүрміз кейде ақсаңдап.
Қартаюдың кері ме,
Қанша қарыз бар әлі.
Періштелер, перілер
Жырдан өшіп барады.
Хатыңда бар заңды сын,
Ашық айтып жатырсың.
Менен гөрі қандысың,
Менен гөрі батылсың.
Жоқ, сөкпеймін мұныңды,
Өзімді тек жерлеймін,
Шаттығың мен мұңыңды,
Рас қой, біле бермеймін.
Шамдану да болады
Бірің үшін бәріңе.
Таңдану да болады
Бәрің үшін кәріде.
Өргендер де сендерсің
Туған елдің төрінде.
Өлгендер де сендерсің
Ауғанстан өрінде.
Қасірет боп қалады ол,
Бетімізге басылып.
Ақсары бол, қара бол,
Өлмеңдерші, асылы.
Ақсары бол, қара бол,
Бір ағайын ұлсыңдар,
Ақсары бол, қара бол,
Қолтықтасып тұрсыңдар.
Сендерлік қой бүгінде,
Сендерлік қой ертең де.
Жүріңдерші күлімдеп,
Көзайым боп кердеңдеп.
Қара бала, кешерсің
Білмегенін атаңның.
Достық сені десе елші,
Саған менің батам мың.
Біз бастаған жолменен
Жет заманға ең ғажап.
Бақыттырақ бол менен,
Бол менен де сен қазақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара балаға өлеңінің авторы кім?

Жұбан Молдағалиев — осы өлеңнің авторы.

Қара балаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара балаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұбан Молдағалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара балаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері