Нағыз ақын – Айдын Оңласын

Бұл бетте «Нағыз ақын» атты Айдын Оңласын жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ақындықтың шыңына шығу үшін,
Биік шыңға өлең туын тігу үшін.
Сөз байлығы керек-ақ әр ақынға
Арлы істің мол сырын ұғу үшін.

Шындықты шырылдатып жаза білсе,
Еліне жырдан алқа таға білсе,
Осы жан-нағыз ақын дер едім мен
Өлеңімен тау суындай аға білсе.

«Ақындық-даналық» деп ұрандайын,
Нағыз ақын болады қырандайын.
Көсіліп иен далада сайран салған,
Нағыз шебер болады құландайын.

Сөз маржанын алыстан іздеп терген,
Аз болды ма ақындар өлең өрген.
Абай мен Мағжандардан үлгі алыңыз
Халқына қара сөздің нәрін берген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нағыз ақын өлеңінің авторы кім?

Айдын Оңласын — осы өлеңнің авторы.

Нағыз ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нағыз ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Нағыз ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар