Есімхан ордасы – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Есімхан ордасы» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1086
(Төрткүлтөбеде туған ой)

Билік айтқан билер қайда
Күлтөбе?
Дат сұрайтын Хандар қайда,
Күлтөбе?
Уақыт ұры тарихыңды ұрлады,
Бір төбені жалғастырып бір төбе.
Көкбөрінің ұрпағымыз, ұранды.
Көк туына символ еткен қыранды.
Мұсылманбыз,
Алла- деп сөз бастайтын,
Құрметтейтін құдайы мен құранды.
Ғалымдардың сөзін хаттап дәлелді,
Тарих тағлым үңілейік ал енді.
Скифтерің Ахилес пен Аттила,
Сақтар еді- жаулап алған әлемді!
Байтақ елсің,
Өз-өзіңе егесің!
«Мемлекеті болмаған ел» – демесін.
Сол ауылда туған едім, зерттелер,
Хандық құрған,
Еңсегей бойлы ер Есім!
Түркілерім,
Түркі жұрты қорғаның!
Жоқ қой сенің қорғанатын орманың.
Бір көршіге «Дан» төлетіп, біріне,
Салдырған ең, алып қытай қорғанын.
Әлі де болса Қазанатты ерттейік.
Қасымызға қас-дұшпанды ертпейік.
Саяси да, тарихи да жаңғырып,
Тегімізді, түбімізді зерттейік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімхан ордасы өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Есімхан ордасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімхан ордасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімхан ордасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері