Қара күзде – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Қара күзде» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2983
Қара күз, көкте тұман тұншығады.
Белгісіз енді қашан күн шығады.
Қара тал жапырағынан айырылып,
Жел тербеп, бір-біріне ұмсынады.
Сырғып жатыр уақыт құм сынағы.
Жел тербеген жас қайың қымсынады.
Қарағай мен шырша тұр безірейіп,
Әсер қылмай суық жел шымшығанын.
Қала іші, адам тоңып қалтыраған.
Көлшікке мұз қатыпты жалтыраған.
Тоңдырып жылуыңды ұрласа да,
Күз мезгіл қатты ұнайды жалпы маған.
Будақтатып түтінін көліктері.
Мазасыз ба шопырлар көліктегі?!
Қара күз ұрлап алып кетті ме екен,
Жаздағы басылған ба желіктері?!
Қар жатыр, шөп үстінде қатқақтаған.
Оранды ма ақ қарға аппақ далам?!
Күзде келген қүрең күз сезімімді,
Жүрегімнің түбінде сақтап қалам.
Күрең күзім мен үшін аппақ ғалам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара күзде өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қара күзде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара күзде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара күзде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері